$ 464.77  541.36  5.41

Желіде блогер Дәмеля Sweet-тің ұзатуы қызу талқыға түсті: күйеу жігіт кім? (ФОТО)

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, блогердің болашақ жарының есімі Мұрат болуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық блогер Дәмеля Sweet тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Желіде блогердің құда түсу және қыз ұзату рәсімдерінен түсірілген кадрлар тарап, жаңалық көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тараған суреттерден Дәмеляның ұзату тойы Шымкентте өткенін байқауға болады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, блогердің болашақ жарының есімі Мұрат болуы мүмкін. Сондай-ақ оның шетелде білім алғаны және кәсіпкердің ұлы екені айтылады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Айта кетейік, соңғы уақытта Дәмеля Sweet көпшілік назарынан алыстап, жеке өмірін жарияламауға тырысып жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, бұрынғыдай белсенді блог жүргізуді тоқтатқан.

Дәмеля Sweet – блогер, кәсіпкер, актриса әрі әнші. Ол сәнді образдары, саяхаттары және lifestyle-контенті арқылы қазақстандық аудиторияға кеңінен танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0