31.08.2026, 15:00

«Сопиып жалғыз жүр»: Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне арнайы барды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Белгілі әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатов анасының туған күніне арнайы барып, оған тосынсый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі анасына құшақ толы гүл сыйлап, ақ тілегін жеткізген. Анасының баласына деген қуанышы мен толқыған сәттері әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін елжіретті.

Алайда видеоға пікір қалдырған желі қолданушыларының назары Тұрсынбектің анасына жасаған сыйынан бөлек, оның бұл жолы жалғыз барғанына ауды. Кейбір оқырман Мөлдірдің бірге барған кездерін еске алып, отбасының бұрынғы сәттерін сағынғанын жазды.

«Мөлдір болғанда қасында бес баласымен әдемі болып барушы еді. Анасы да қартайып қалыпты. Мөлдір барда жанында жайнап жүретін еді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бірқатар пікірде Тұрсынбектің анасына балаларымен бірге барғаны жарасымды көрініс болар еді деген ой айтылды.

«Сопиып жалғыз жүргені көңілге қаяу түсіреді», «Балалары мен Мөлдір бірге барғанда, әдемі көрініс болар еді», «Анасы үшін балаларының бәрі жанында болса, одан асқан бақыт жоқ шығар» деген мазмұндағы пікірлер де кездеседі.

Дегенмен көпшілік Тұрсынбектің анасына деген ықыласын жоғары бағалап, туған күнінде қасында болып, көңілін бөлгенін атап өтті. Желі қолданушылары анасына ұзақ ғұмыр тілеп, денінің сау болуын және балаларының қызығын көруін тіледі.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың отбасы мен жеке өміріне қатысты тақырыптар бұған дейін де әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүрген. Ал бұл жолғы видеода көпшілік ең алдымен ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасқа назар аударды.