"Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер".
Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарына күйеуімен мақтанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Райымдай күйеуге тұрмысқа шығуға кеңес берген.
"3 баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде айтарым: 4 қызыңызға Раймдай жар, өзіңізге Раймдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір! Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді", - деп жазды ол.