31.08.2026, 10:40

«Еңбектеді!»: Төреғали Төреәлінің жары сүйінші сұрады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Кейін де түрлі ем-дом шараларын жалғастырған. 

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Толқынның айтуынша, қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда ем қабылдап, бірнеше күрделі отадан өткен. Кейін де түрлі ем-дом шараларын жалғастырған.

Өнер иесінің жары соңғы екі айда Кәусармен арнайы жаттығулар жасағанын айтты. Қызының жаттығу кезінде қатты қиналғанын айтып, әр сәтін видеоға түсіріп отырған.

«Көп тілеуі көп болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» – деп қуанышын бөлісті Толқын Тұрарбекқызы.