"Бұл жұмыстардың барлығын не істерімді білмеймін".
Танымал әнші Айгүл Иманбаева отбасындағы мәселесімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы желідегі парақшасында жариялаған.
Өнер иесінің айтуынша келіні үйдің сыртындағы жұмыстарды жасамайды.
"Менің келінім үйде ештеңе жасамайды, істемейді. Үйді әктеп-көктеп, жуып-шайып тазалау керек. Келінім бұл жұмыстарды жасамайды. Себебі екі кішкентай немерем бар. Олардың тамағын беру керек, ұйықтату керек. Үйде үлкен енесі, яғни мамам бар. Ол кісінің де тамағын беру керек. Бұл жұмыстардың барлығын не істерімді білмеймін. Киноға түсемін бе? Әлде үй жинаймын ба?", - деді ол.