30.08.2026, 01:30

«Беташарды түнде жасаған»: Динара Сәтжан келін түсірді (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Қазақта жоқ сәлемді салды ғой".

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан келінін ұзатып үйіне әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Миссия орындалды", деді ол. 

Алайда кадрлардан беташардың түнде жасалғаны белгілі болды. 

Бұған қоса келіні қазақта жоқ сәлем салып, екі жеңгелерінің орамалсыз тұрғаны қызу талқыға түсті. 

"Беташарды түнде жасағанды бірінші рет көруім", "Ұлының өз әкесі неге келмеген?", "Қазақта жоқ сәлемді салды ғой", "Екі жеңгесінің орамалы қайда? Олар сәлем салмай ма?", "Түнде бет ашқанды бірінші рет көруім", "Келіннің бет күн жарықта ашылады", "Мынау қандай-қандай беташар өзі?", - деп жазды оқырмандар.