29.08.2026, 12:30

«Мейрамбектің алып бара жатқан вокалы жоқ»: Дастан Оразбековтің сөзі ел арасында қызу талқыланды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Өнер иесі сұхбат барысында әріптесінің вокалдық ерекшелігіне тоқталып, оның басты артықшылығы даусында екенін айтты.

Танымал әнші Дастан Оразбеков өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі сұхбат барысында әріптесінің вокалдық ерекшелігіне тоқталып, оның басты артықшылығы даусында екенін айтты.

«Мейрамбек Беспаев – ағам. Оның алып бара жатқан вокалдық техникасы жоқ. Бірақ адамның бойында әншілік қабілет болса, неге оны дамытпасқа? Менен де техникасы жоғары әншілер бар. Дегенмен кей әншінің өзіне тән үні болады. Мейрамбек ағаның қаруы – оның дауысы. Ол қоңыр үнді әнші», – деді Дастан Оразбеков.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі Дастанның сөзін сынаса, енді бірі оның пікірін қолдады.

«Не қуып отыр?», «Мейрамбектің орны бөлек, ерекше дауыс иесі», «Әдемі сөйлейсіз», «Сауатты айттыңыз», «Дастанның өзі де мықты», «Таза қазақша әдемі айттыңыз», «Шынымен, Мейрамбек қарапайым қоңыр дауыс иесі. Бақ қой», – деп жазды желі қолданушылары.