29.08.2026, 16:30

«Қызы мен анасы секілді»: Роза Рымбаева мен кішкентай Жанар Дұғалованың дуэті елді шулатты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скриншот

Роза Рымбаева жеке парақшасында мұрағаттағы бейнежазбаны жариялады.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Роза Рымбаева мен Жанар Дұғалованың бала күнінде бірге ән шырқаған видеосы әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Роза Рымбаева жеке парақшасында мұрағаттағы бейнежазбаны жариялады. Кадрларда кішкентай Жанар Дұғалованың Роза Рымбаевамен бірге «Өмір – өзен» әнін орындап тұрғаны көрінеді.

Бейнежазбаға Жанар Дұғалова да пікір білдіріп, Роза Рымбаеваға алғысын жеткізді.

«Қымбатты Роза Қуанышқызы, бұл күн мәңгі жүрегімде!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары қос әншінің орындауына тәнті болып, жылы пікірлерін қалдырды.

«Екеуі ұқсайды екен», «Қызы мен анасы секілді», «Шамамен 95 жылғы видео», «Сізді көрсем, ата-анамның заманы еске түседі», «Жанып тұрған қыз екен кішкентайынан», «Екі легенда», «Не деген керемет видео!», «Өнерлі бала кезден талантты екенсіз», «Шынайы дауыс иелері», «Ешқандай фонограммасыз қандай керемет!» – деп жазды көпшілік.