29.08.2026, 14:30

«Тұсауды алдынан кесу керек»: Руслан Өтепбайдың әрекеті сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Танымал журналист Руслан Өтепбай оқырманының өтінішімен оның ұлы Ахметтің тұсауын кесіп, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Назерке есімді оқырманы хабарласып, баласының тұсауын кесіп беруін өтінген. Жұмыс арасынан уақыт тауып, тойға барған журналист жас отбасыға ақ тілегін арнады.

«Ахметтің қадамы құтты, жолы ашық, ғұмыры ұзақ болсын! Бір-бірін ұрып-жығатын емес, сөзсіз ұғатын, бір-біріне қорқыныш емес, қорған болатын, сана биігінде жолыққан махаббат иелері көп болсын! Шаңырақтарыңыздан шаттық, жүректеріңізден жылу кетпесін!» – деді Руслан Өтепбай.

Журналистің тілегіне желі қолданушылары да ерекше назар аударды. Көпшілік оның жас отбасыға айтқан сөздерін жоғары бағалап, келіннің абыройын көтергенін атап өтті. Сонымен қатар кейбір қолданушылар тұсауды салт бойынша баланың алдынан кесу керек екенін жазды.

«Өте әдемі айтты, келіннің абыройын көтеріп кеттіңіз», «Қыздың сөзі мен үшін қымбат дегеніңізге бас идім», «Көпбалалы анаға құрмет көрсеткеніңізге рақмет», «Осы кісіге тұрмысқа шығатын қыздың арманы жоқ», «Руслан ағасы сияқты болсын», «Руслан алдынан кесу керек», «Неге артынан кеседі, алдынан кесу керек», «Бойдақ жігітке тұсау кестірмейді», – деп жазды көпшілік.

Сонымен қатар журналист өзіне сыйға тартылған кілемді көпбалалы анаға сыйға берген.