Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Әнші Ернар Айдар марқұм әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің шаңырағына арнайы барып, жары Дарико апаның жағдайын білді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Әнші ұлы өнер иесін еске алып, оның жатқан жері жайлы болсын деген тілегін жеткізді.
«Бүгін ұлы әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев атамыздың шаңырағында болдым. Атамыздың жатқан жері жайлы болсын. Дарико апаның хал-жағдайын сұрап, батасын алдым. Апа, ауырмаңыз, аман болыңыз, жүз жасаңыз!» – деп жазды Ернар Айдар.