Бұл туралы әнші парақшасына жазды.
Танымал әнші Айдана Меденова «KeshYOU» тобының Астанада өтетін мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Instagram желісіндегі сұрақ-жауап кезінде оқырмандарының «KeshYOU-дың 20 жылдық концертіне қатысасыз ба?» деген сауалына қысқа жауап берді.
«Жоқ, бұл жолы қатыспаймын», – деді Айдана Меденова.
Бұған дейін топтың продюсері Баян Алагөзова «KeshYOU» тобының кезекті мерейтойлық концерті 19 қыркүйекте Астанада өтетінін жариялаған еді.
Айта кетейік, мамыр айында топтың Алматыдағы концертіне «алтын құрам» саналатын Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаева және Жанар Дұғалова бірге шығып, көрермен қауымды қуантқан болатын.