$ 456.88  534.64  5.47

«Say Mo, маған тұрмысқа шықшы»: әншіге ер адам жұрт алдында тізерлеп, ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Say Mo бұған дейін актер Шәріп Серікпен шаңырақ көтеріп, кейін екеуі ажырасқан.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық әнші Say Mo-ға Алматыда өтіп жатқан Media Basket турнирінде күтпеген жерден тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға әнші өнер көрсетіп жатқан сәтте болған. Media Basket президенті Евгений Булатов алаң ортасына шығып, Say Mo-ға гүл ұсынып, аяғына тізерлеп отырып сөз салған.

Алайда әнші ұсынысқа бірден «жоқ» деп жауап берген. Көрермендердің көбі болған жағдайды шынайы қабылдап үлгергенімен, кейін бұл ұсыныстың пранк екені белгілі болды.

Айта кетейік, Say Mo бұған дейін актер Шәріп Серікпен шаңырақ көтеріп, кейін екеуі ажырасқан.

Media Basket Almaty 2026 турнирі тамыз айында Алматыда өтіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0