$ 456.88  534.64  5.47

«Әннің быт-шытын шығарыпты»: Меруерт Түсіпбаева Дастан Оразбековті аямай сынап тастады

Төлеген ағамыздың өзі өз әнін танымай қалған шығар.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әйгілі әні “Қимай сені барамын” әнін Дастан Оразбековтың орындауында тыңдап оны қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.

”Мына әннің Дастан бытыштын шығарыпты, бірінші рет естіп тұрмын. Төлеген ағамыздың өзі өз әнін танымай қалған шығар. Мен Дастанды қатты жақсы көремін, бірақ әнші деген өзіне жарасатын, келетін әнге “иә” деу керек немесе “жоқ” деу керек. Кім сұраса да, айтса да бас тарту керек еді. Мынау не өзі? Масқара”, — деді Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, “Қимай сені барамын” әнінің сөзін Шөмішбай Сариев, ал әнін Төлеген Мұхамеджанов жазған. Әннің алғашқы орындаушысы Меруерт Түсіпбаева әнді алғаш рет 90-шы жылдары орындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0