Іс бойынша сот отырысына судья Анар Айтжанов төрағалық етеді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотында продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанның шағымдары біріктіріліп қаралатын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы журналист Ардақ Ерубаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, сотта емшіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі («Жала жабу») бойынша әкімшілік іс қаралып жатыр.
Іс бойынша сот отырысына судья Анар Айтжанов төрағалық етеді.
Тілшінің мәліметінше, егер емшінің кінәсі дәлелденсе, оған 778 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.
Келесі сот отырысы 12 тамыз күні сағат 16:00-ге белгіленген.
Сонымен қатар, Ардақ Ерубаеваның айтуынша, емшіге қатысты қылмыстық іс те Астана қаласының сотында қаралып жатыр.