30.07.2026, 09:40

«Кешке ұзату тойы»: Мақпал Жүнісова отбасындағы сүйінші хабарды айтты

Фото: Әлеуметтік желіден

Анамыз ақ батасын берді.

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, қазақы салт-дәстүрге сай өз шаңырағына алып кеткен.

«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.