20.07.2026, 09:40

«Ажырасу тікелей еркекке байланысты»: Бағлан Әбдірайымов күтпеген жазба жариялады

Фото: Әлеуметтік желіден

Әйелге шамасы келмегеннен кейін ажырасулар болып жатыр!

Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында ажырасу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, отбасының сақталуы көбіне ер азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

"Мақсат деген ағамыз "Жақсы еркектен әйел кетпейді" дейтін. Жігітшілікке салатын болсақ, ажырасу тікелей еркекке байланысты. Адамның жаманы жоқ. Жігіттердің көбісі ренжіп қалатын шығар. Бірақ бәрі тікелей еркекке байланысты. Әйел адам еркекке аманат. Аманат қылып алғаннан кейін жөнге келтіру керек. Әйелге шамасы келмегеннен кейін ажырасулар болып жатыр", – деді Бағлан Әбдірайымов.