Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова өзінің инстаграм парақшасында айтты.
Танымал Кешью тобының 20 жылдық концерті енді Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова өзінің инстаграм парақшасында айтты. Қазіргі уақытта 1 айлық демалыстан кейін кино түсіруді және Кешьюдың барлық құрамымен қыркүйек айында бас қалада концерт қоятынын мәлімдеді.
Айта кетейік, KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт қазақстандық шоу-бизнес тарихындағы ең ауқымды музыкалық кештердің бірі болды. 2026 жылдың 29 мамырында Алматыдағы Орталық стадионда өткен концерт топтың екі онжылдық шығармашылық жолын қорытындылаған ерекше жоба ретінде ұйымдастырылды.
Кештің басты ерекшелігі – KeshYOU-дың әр жылдардағы құрамында өнер көрсеткен әншілердің бір сахнада бас қосуы.
Желі қолданушылары: «Урааа», «Мен осы сәтті күттім», «Қазірден баруға дайынбыз»- деп, кешті тағатсыз күтетіндерін жеткізуде.