Өнер иесі Еркемен бірге түскен суретін жариялап, оның сұлулығы мен аналық болмысын ерекше атап өтті.
Қазақстандық әнші Жеңіс Ысқақова әріптесі Ерке Есмахан туралы жылы пікір білдіріп, оған әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Еркемен бірге түскен суретін жариялап, оның сұлулығы мен аналық болмысын ерекше атап өтті.
“3 жыл баламен үйде отырып қалдым дейді мына қыз, әп-әдемі қуыршақтай болып тұрсың. Өзің де, әнің де әдемі. Так держать! Мөләәәдессс”, – деп жазды Жеңіс Ысқақова.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы пікір қалдырып, Ерке Есмаханға ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік оның үш баланың анасы бола тұра сымбатын сақтап жүргеніне тәнті болғандарын жазған.