Бағдат Әшімова жазбасында Қара Бура әулиеге деген құрметін білдіріп, бұл орынның өз отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.
Марқұм актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, киелі жерге белгітас орнатылғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бағдат Әшімова жазбасында Қара Бура әулиеге деген құрметін білдіріп, бұл орынның өз отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.
«АҚНАЙЗАЛЫ батырлардың ұраны, Қожа Ахмет Ясауидің сыңары. Қара түнде жолымды жап-жарық қылып, Қара Бура бабам қолдап тұрады. Қара Бура – әулиелердің шырағы! Киелі топыраққа, әулие жатқан жерге белгітас орнатылды. 1997 жылдан бастап іргетасы қаланғаннан бері жыл сайын барып, Асекең әулиеге тәу етіп, құран бағыштап тұратын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімованың жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, игі іске ризашылықтарын жеткізді.