$ 487.17  565.65  6.72

«Менен озып кетсін»: Димаш Құдайберген кішкентай сәбиге бата берді (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кішкентай сәбиді қолына алып, ақ батасын берген сәті түсірілген бейнежазба кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада өнер иесі бүлдіршінге ақжарма тілегін арнап, оның болашағына сенім білдіріп, жүрекжарды батасын береді. Әсіресе, Димаштың «Менен де озып кетсін, бағы ашылсын!» деген ізгі тілегі көпшіліктің ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен кең пейіліне тәнті болып, жылы лебіздерін жарыса жазуда. Көпшілік мұндай ақ тілектің әрбір балаға бұйырып, сәбидің болашағы жарқын болсын деген ниеттерін білдірген.

Қысқа уақыт ішінде видео әлеуметтік желілерде кең тарап, мыңдаған қаралым жинап, көрермендер арасында қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0