02.06.2026, 18:00

«Мен үшін орны бөлек»: Актер Рамазан Амантайдың қарындасын ұзатқан сәті көпшілікті жылатты (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Туған қарындасын ұзату – әрбір аға үшін ерекше күн.

Белгілі актер Рамазан Амантайдың туған қарындасын ұзатып жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Желіде тараған әсерлі кадрларда актердің қарындасына деген ерекше ықыласы мен бауырлық сезімі анық байқалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада Рамазан Амантай туған қарындасын жаңа өмірге шығарып салып тұрып, толқынысын жасыра алмайды. Ол қарындасының өз өміріндегі орны ерекше екенін айтып, бұл күннің өзі үшін аса маңызды әрі әсерлі сәт екенін жеткізеді.

«Қарындасымның орны бөлек», – дейді актер.

Желі қолданушылары да видеоға жылы пікірлерін жаудырып, бауырлар арасындағы шынайы махаббат пен сыйластықтың көрінісіне тәнті болғандарын жазуда. Көпшілік әсерлі сәттің жүректеріне жеткенін айтып, жас жұбайларға ақ тілектерін жолдады.

Туған қарындасын ұзату – әрбір аға үшін ерекше күн. Ал Рамазан Амантайдың бұл сәттегі эмоциясы көпшіліктің көңілін босатып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.