Көпбалалы ана, әнші Мөлдір Мұқанова қыздарын ұзатуға дайын ба?
Әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова қыздарының ұзатылуы туралы сөз естіп, еріксіз көзіне жас алды. Бұл туралы блогер Елшін Жанерке өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Көпбалалы ана, әнші Мөлдір Мұқанова қыздарын ұзатуға дайын ба? Сұрақты қойғаным сол еді — әнші көзіне еріксіз жас алып, жылатып алдым. Әрине, қыз өсіріп отырған аналар жақсы түсінер, жүрегі бүлк ете қалған болар!?.
Кезінде батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы “Жер бетіндегі ең батыр адам кім?” — дегенде былай деп жауап берген:
— Жер бетіндегі ең батыр адам… ол — қыз, -депті. Оның мәнісін сұрағанда былай деп жауап беріпті: — Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елге бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіріп ел де қыла алады, сыйлата да алады, алыса да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді, — деген екен…
Ендеше, біз — батырмыз, аман болыңыздар, бай-бақуатты, бақытты болыңыздар», — деп жазды блогер.