Ол өмірлік серігімен бірге кешкен қуаныш пен қиындықтардың махаббатты шыңдай түскенін айтты.
Марқұм актер Мұрат Бисенбиннің жары әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, бірге өткізген жылдарын еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өмірлік серігімен бірге кешкен қуаныш пен қиындықтардың махаббатты шыңдай түскенін айтты.
«Біз өміріміздің көп бөлігін бірге өткіздік. Сонда түсінесің, махаббат тек бақыттың арқасында ғана сақталмайды. Ол төзімге, сенімге және бәрінен бірге өте білуге сүйенеді. Жастық шақтан, қиындықтардан, жоғалтулардан, қуаныштардан, үнсіздіктен және жылдардан бірге өттік. Бірақ өмірдің заңдылығы сондай – бір күні бір адам бәрібір екіншісінен бұрын кетеді. Оған ешқашан дайын бола алмайсың. Кеше ғана бір әлемді бірге бөлісіп едік, бүгін сол жолды біреу жүрегіндегі естеліктермен жалғастырып келеді», – деп жазды ол.
Марқұмның жарының сөзінше, махаббаттың шынайылығы адам өмірден өткеннен кейін де сезіледі.
«Бәлкім, махаббат дәл осылай сыналатын шығар. Адамды құшақтай алмасаң да, оның жанының қасыңда қалғанын сезіну. Онымен іштей сөйлесуді жалғастыру. Маңызды бір нәрсе болғанда, соны ең алдымен соған айтқың келіп тұруы. Нағыз жұптардың хикаясы олардың біреуі кеткенде аяқталмайды. Өйткені шынайы өмір сүрілген махаббат мәңгілікке жүректің бір бөлшегі болып қалады», – деді ол.
Желі қолданушылары жазба астында марқұмды еске алып, отбасысына көңіл айту сөздерін қалдырған.