$ 470.8  545.99  6.6

«Бақытқа бөледің»: Тұрсынбек пен Мөлдір қыздарының соңғы қоңырауына бірге барды (ФОТО)

Белгілі болғандай, Айым Тұрсынбекқызы 11-сыныпты аяқтап жатыр. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова екінші қызы Айымның мектеп бітіру кешінде көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, Айым Тұрсынбекқызы 11-сыныпты аяқтап жатыр. 

"Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді үтіктеп, оқу-құралдарыңды түгендеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. 

Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет", - деп жазды Мөлдір Мұқанова. 

Тұрсынбек Қабатов та желідегі парақшасында қызын құттықтап, ақ тілегін арнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0