Желіде тараған видеодан кейін пікір қалдырушылар екіге бөлінді.
Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнесін көрсетіп, оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің өзгерген келбеті желі қолданушыларының назарын бірден аударған. Әсіресе бет-әлпетіндегі өзгерістер мен ерекше макияж көпшілікті таңғалдырған. Кейбір оқырмандар әншіні алғашында мүлде танымай қалғандарын жазса, енді бірі оның жаңа стиліне тәнті болған.
Желіде тараған видеодан кейін пікір қалдырушылар екіге бөлінді. Бірі Сивидің сұлулығына сүйсініп, оның жасарып кеткенін айтса, енді бірі табиғи келбеті өзіне көбірек жарасатынын алға тартқан.
«Қуыршақ сияқты болып кетіпті», «Қартаятын ойы жоқ қой деймін», «Тіпті танымай қалдым», «Өте әдемі образ», «Бастысы өзіне жарасып тұр» деген пікірлер қарша борады.
Әншінің жаңа стилі әсіресе әйелдер аудиториясы арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның образ таңдауда батыл екенін айтып, сахна адамы болған соң өзгеріс пен эксперименттің қалыпты дүние екенін де жазуда.
Сиви Махмуди әзірге желідегі пікірлерге нақты жауап бермегенімен, жариялаған видеосы қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерген.