$ 471.93  548.43  6.61

«Менде бәрі бар, тек анам жоқ»: Қайрат Әділгерей анасын сағынып, жылап қалды (ВИДЕО)

Ел таниды, жұмыс бар, бала-шаға өсіп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі актер әрі әзілкеш Аман Тасығанға берген сұхбатында жан сырын ақтарып, анасына деген сағынышы туралы тебірене әңгімеледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында өнер иесі өмірінде жеткен жетістіктері аз емес екенін, халықтың ықыласы мен отбасының қолдауы бар екенін айтты. Алайда соның бәріне қарамастан, анасының орны бөлек екенін жеткізіп, көңілі босап кетті.

«Қазір шүкір, барлығы бар. Ел таниды, жұмыс бар, бала-шаға өсіп жатыр. Бірақ соның бәрі анаңның орнын толтыра алмайды. Менде бәрі бар, тек анам жоқ», – деді Қайрат Әділгерей.

Әзілкеш анасының ақылын, қамқорлығын және мейірімін жиі сағынатынын айтып, кей сәттерде анасымен сөйлескісі келіп кететінін жасырмады. Оның айтуынша, адам өмірінде ананың орны ешқашан толмайды.

Сұхбаттың бұл тұсы желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Көпшілік Қайраттың шынайылығына риза болып, оған қолдау білдірген. Әлеуметтік желіде «Анасыз өмір қиын», «Өте әсерлі айтты», «Қандай мықты адам болса да, анасына келгенде балалық сезімі оянады» деген пікірлер жазылуда.

Оқырмандар актердің ішкі жан дүниесін ашық көрсетіп, сезімін жасырмай бөліскенін жоғары бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0