08.05.2026, 16:20

«Могиканның соңғы тұяғы»: Мейрамбек Беспаев Ілия Жақановты мерейтойымен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ағамыздың жасы жүзден ассын

"МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев композитор, қазақ өнерінің маэстросы Ілия Жақановты 90 жас мерейлі жасымен құттықтап, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Әр заманның, әр кезеңнің өз әндері болады. Орта жасқа келген біздің буын жастық шағын еске алса, көңіліне “Жайлаукөл кештері” әнінің әуені оралатыны сөзсіз.

Ал “Жайлаукөл кештері” бүгін 90-ға кеп жатқан ұлы композитор, қазақ өнерінің маэстросы Ілия Жақановтың 200-ден астам сұлу әндерінің бірі ғана.

Аға өзінің көркем тағдырымен де, көркем болмыс-бітімімен, қамқор көңілімен артынан ерген бізге таптырмас үлгі. Ағамыздың жасы жүзден ассын! Могикандардың соңғы тұяғы – Ілия ағамызды ән мұрасы мәңгі жасай берсін!"деп жазды Мейрамбек Беспаев.