08.05.2026, 05:30

«Мамасының қолдауымен»: Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты сүйінші жаңалық шықты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Айта кетейік, Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай қаласындағы британ университетінде сәулетші мамандығы бойынша бес жыл білім алған.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, қызының Дубайдағы британ университетін тәмамдағанын айтты.

“Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы. Сүйінші!!! Британ Университетінде Дубай қаласында архитектор мамандығына 5 жыл оқып бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз халықаралық үлгідегі мықты маман болып жатыр. Сырт елде, шетелде оқу өте жауапты, кейде қауіпті. Жүйе басқаша, емтиханды, сессияны тапсыруына да ұйқысыз түндер өткізіп дайындалып жүретін. Дипломдық жұмысын да жазып жатқанда, бөлек әлем болып кетеді өзі, тек білімге кірісіп, біздерді танымай қалады, өте жауапкершілікпен қарайды. Мамасын қолдай жүріп, сабағын да реттеп жүрген пысық қыз. Алла жар болсын өзіңе”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай қаласындағы британ университетінде сәулетші мамандығы бойынша бес жыл білім алған.