06.05.2026, 14:20

«МузАрттан» Сәкен кетірді»: Мақсат Базарбаев көптің көкейіндегі сауалға жауап берді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Ал Мақсат Базарбаев жақында берген сұхбатында бұл тақырыпты жабу керегін айтты. 

Әлеуметтік желіде "МузАрт" тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевқа қатысты ақпар шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушысы: Әнші Мақсат Базарбаевтың "МузАрт" тобынан кетуіне Сәкен Майғазиевтің қатысы бар ма?, деп сауал жолдаған. 

Осы тұста пікір иелері түрлі ойларын ортаға салды. 

"Сәкен біраз адамға ұнамайды", "Сәкен шақылдап тұр, Мақсат жуас", "Өзім кеттім деген", "100 пайыз Сәкеннің қатысы бар", "Сәкеннің де, Мақсаттың да дауысы ұнайды. Екеуі де талант", "Қай жағынан қарасаң да Мақсат мықты әнші", деді олар. 

Ал Мақсат Базарбаев жақында берген сұхбатында бұл тақырыпты жабу керегін айтты. 

"МузАрт" тобынан өз еркіммен, ешкіммен дауласпай шықтым. Бұл дау қылатын тақырып емес, оны жабатын уақыт келді", - деп әнші халық арасында тараған қауесетке нүкте қойды.