02.05.2026, 23:30

«Бәріне ғашықпын»:  Әйкерім Қалаубаеваның сөзі қызу талқыға түсті

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүкіл ғалам ондай пәк болмаса да, дәл өз айналасында тек шынайы жандардың жүргенін тілейді.

Отандық эстрада жұлдызы Әйкерім Қалаубаева оқырмандарына ерекше ой салды. Өнер иесі желідегі парақшасына актер Нұрлан Әлімжанмен бірге вальс билеген бейнежазба жүктеген. Видеоның астына адамзатқа деген кіршіксіз махаббат туралы терең мағыналы мәтін қалдырды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолдарда Арай есімді арудың жан сыры келтірілген. Мәтін авторы жалғандық пен бір-бірін алдаудан мүлдем ада әлемді аңсайды. Сондай-ақ сырттан ғайбат айтудың не екенін білмейтін қоғамды қалайды. Адамдар арасындағы шексіз сенім мен боямасыз таза сезімді армандайтынын жеткізген.

Бүкіл ғалам ондай пәк болмаса да, дәл өз айналасында тек шынайы жандардың жүргенін тілейді. Жақындарының жүзінен қатыгездік пен қулықты көргісі келмейді. Ол өзі де айналасына тек мейірім төгіп, өзгелерге қорған болуды көздейді. Ешкімнің көңіліне қаяу түсірмей, үнемі қолдау көрсетуге дайын.

"Мен адамдардың бәрін сүйемін, бәріне ғашықпын" деген сөздер арқылы өзінің басты шындығын ақтарған.