Оның сөзінше, адам басынан өткергенін бөліскенде, көпшілік әртүрлі қабылдауы мүмкін.
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ішкі ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі өмірінде түрлі кезеңдерді бастан өткергенін айтып, бар шындығын ашық жеткізу әрдайым оңай емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, адам басынан өткергенін бөліскенде, көпшілік әртүрлі қабылдауы мүмкін.
Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу.
Сондай-ақ ол өмір туралы фильм түсіру басты мақсаты екенін айтты.
Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Әр үйде, тіпті шетел деп жатқан отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым. "Таптым-ау сені" фильміне барыңыздар, ертең демалыс. Тура өмірдегідей кино көресіздер, – деп жазды Дариға Бадықова.
Дариға Бадықова кино саласындағы басты мақсаты – шынайы өмірді бейнелейтін фильмдер түсіру екенін айтты. Оның пікірінше, экрандағы оқиғалар әр отбасының өміріне жақын болуы тиіс.
Ол көрермендерді өз туындысын көруге шақырып, «Таптым-ау сені» фильмі өмірдегі жағдайларға барынша жақын екенін атап өтті.