03.05.2026, 01:30

«Кеше ғана үйленіп еді»: актер Әбілмансұр Серіков әке атанбақ (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Жас жұбайлар жүктілікті көпшілікке жария етпей, бірден ерекше форматтағы видеомен бөліскен.

Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен оның жары Гүлия жақындарының басын қосып, гендер-пати ұйымдастырып, көпшілікке тосынсый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жас жұбайлар жүктілікті көпшілікке жария етпей, бірден ерекше форматтағы видеомен бөліскен. Гендер-пати барысында болашақ сәбидің жынысы белгілі болып, бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Желі қолданушылары жас отбасыға ақ тілегін жаудырып, қуаныштарына ортақтасып жатыр.