01.05.2026, 15:30

«Паспортымды тартып алды»: Атышулы Қайсар Хамза ел алдына шықты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/qais_arr

Оның заңсыз 100 млн теңгеден астам мөлшерде табыс тапқаны анықталды.

Халықаралық іздеуде болып, Вьетнамда ұсталған қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер қазіргі уақытта Вьетнамның Нячанг қаласында жүргенін, жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

Оның сөзінше, жергілікті иммиграциялық қызмет тек құжаттарды рәсімдеу үшін төлқұжатын уақытша алған. Ол өзін ешкімнің ұстамағанын және қамауға алынбағанын айтып, сот процестірінің жалғасып жатқанын жеткізді.

«Барлығы жақсы болып кетсін деп тілеп, дұғада болыңыздар. Жақсы күндерде кездескенше», – деді ол бейнежазбадасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2,3 млн оқырманы бар блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамаларын тұрақты таратып, адамдарға құмар ойындарды насихаттаған. Оның заңсыз 100 млн теңгеден астам мөлшерде табыс тапқаны анықталды.