01.05.2026, 03:30

«Қазақ киносының ең сымбатты актері»: Берік Айтжановтың суреті желіні шулатты

Коллаж: sn.kz

Өнер иесі Instagram парақшасында ескі суретін бөлісіп, 20 жастағы өзіне арнап әсерлі жазба қалдырған.

Танымал қазақ актері Берік Айтжанов әлеуметтік желіде жастық шағындағы фотосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Instagram парақшасында ескі суретін бөлісіп, 20 жастағы өзіне арнап әсерлі жазба қалдырған.

«Асықпа. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кейде жолың тым ұзақ болып көрінеді, кейде бәрінен шаршайсың. Бірақ дәл сол қиындықтар сені шыңдайды.

Адамдардың сөзіне емес, жүрегіңдегі арманға сен. Қателесуден қорықпа, жоғалтудан қорықпа. Өнерде ең маңыздысы — шынайылық пен сабыр.

Бір күні сен армандаған рөлдер де келеді, өзіңді түсінетін көрермен де табылады. Тек жолдан тайма.

Және… ата-анаңның жанында көбірек уақыт өткіз. Өмір өте тез өтеді», — деп жазды актер.

Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы пікір білдіріп, оның ой-толғамына қолдау көрсетті.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі актердің жастық шағындағы келбетін талқылап, оның сыртқы бейнесі қазаққа онша ұқсамайтынын жазды.

Пікір білдірушілердің кейбірі оны Болливуд жұлдызына, енді бірі Оңтүстік Америка немесе үнді актерлеріне ұқсатты. «Басында Болливуд актері деп ойлап қалдым», «Бразилиялық жігітке ұқсайды», «Үндіске келесіз», «Мексикалық актерге ұқсап тұрсыз» деген сынды пікірлер жазылды.

Сонымен қатар, актердің келбетін жоғары бағалағандар да болды. Оқырмандар «Қазақтың Рассел Кроуысыз», «Қазақ киносының ең сымбатты жігіттерінің бірі», «Көшпенділердегі Әбілмансұрға ұқсайсыз» деп жазса, енді біреулері оның жазбасындағы ой-толғамға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.