30.04.2026, 03:30

«Отадан кейін үйге шықтым»: Гүлзира Айдарбекова тілеулестерінен сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Фото: gulziraaidarbekova парақшасынан

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көп жылдан бері мазалаған мәселеге байланысты шешім қабылдағанын айтып, бәрі сәтті өткенін жеткізді.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейін ауруханадан шыққанын айтып, дәрігеріне алғыс білдірді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көп жылдан бері мазалаған мәселеге байланысты шешім қабылдағанын айтып, бәрі сәтті өткенін жеткізді.

«Доктор Русланға айтар алғысым шексіз! Қанша жылдан бері өтімді түгел алдыруға қимай, әйтеуір бір кездері өтті қалдырып, тасын алатын емші шығар деп күткенмін. Алдағы уақытта ұзақ уақыттарға ұшатын кездерім көп екен, ұшақта приступ берсе қайтем деп уайымдайтынмын. Бір қызығы түнгі сағат 4:30 да өзімнен-өзім шошып оянып кеттім, соткамды қолыма алып, инстаны ашып қалғаным сол, алдымнан доктор Руслан шыға келді, дереу ақтарып түгел отзывтарды қарап шықтым, таң намазы кез ғой жобасы, дұға қабыл болатын сәт, бірден осында барамын деп шештім де, таң атысымен хабарласып, келетінімді ескерттім. Бәрі сәтті шығып, бір күн жатып, бүгін үйге шығып жатырмын бұйыртса. Менің әдетім, көп ойланып айналып қалмай тұрғанымда, бірден шешім қабылдап кірісіп кететінім бар. Екінші елден дұға сұраймын, көп тілегі қабыл болатынын білем, бәріңізге рақмееет! Не болса да сәтті аяқталды, Алла дендеріңізге саулық берсін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары продюсерге ақ тілегін жаудырып, тезірек сауығып кетуін тіледі.