30.04.2026, 01:30

«Өте әдемі»: Димаш Құдайберген күйеу баласының мақтауын асырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы Ермахан Аймахан жаңа ән жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Әннің аты - "Тағдырыма кел" деп аталады. Ән мәтінінен туындының Раушан Құдайбергенге арналғанын байқауға болады. 

Әлі шығып үлгермеген шығарма желіде көптеп пікір жинап үлгерген.

"Өте әдемі ән! Құтты болсын, алтындарым", - деп Димаштың өзі қолдаған.