"Мен фильмде оның беделін барынша түзеп жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты!"
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға шүйлікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мөлдір Әуелбекова өзінің желідегі парақшасында Кешью тобының 20 жылдығына арналған концертіне қатыспайтынын мәлімдеген.
Әншінің бұл әрекетіне шамданған продюсер оған төмендегідей жауап қайтарды.
“Мен саған енді маған және менің сен үшін жасағандарыма түкіруге жол бермеймін. 20 жыл KeshYOU” атты шуды фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Әлде уақыт келді ме, неге ол өз болмысында сатқын екенін айтып беруге? Мен фильмде оның беделін барынша түзеп жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты!", - деді ол.