20.04.2026, 01:30

«Ниеттеріңіз жақсылыққа апармайды»: Жандарбек Бұлғақов отбасындағы ауыр сынаққа қатысты үндеу жасады

Фото: видео скриншот

Біздің басымызға түскен сынақ ерігіп отырған журналистер мен сайттарға жақсы болды-ау.

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әкесінің басына түскен ауыр сынаққа қатысты БАҚ өкілдеріне үндеу жасап, ренішін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Біздің басымызға түскен сынақ ерігіп отырған журналистер мен сайттарға жақсы болды-ау.

Жазғанда да тақырыбын емделіп жатқан адамға, оның әулетіне психологиялық тұрғыда салмақ салмайтындай қойса мейлі ғой… “Көршінің үйі өртеніп жатқанда қойдың бас сирағын ұйытып алайын” деген ниеттеріңіз жақсылыққа апармайды», деп ашынды ол.

Айта кетейік, әкесі, танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды.