19.04.2026, 12:30

«Қойдан жуас деп ойлайды»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінің қиын адам екенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Ол жұбайының сырт көзге бірқалыпты көрінгенімен, шын мәнінде қатал адам екенін атап өткен.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жолдасы Нұртаc Айдарбековтің мінезі туралы жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жұбайының сырт көзге бірқалыпты көрінгенімен, шын мәнінде қатал адам екенін атап өткен.

«Бәрі Нұрекеңді қойдан жуас деп ойлайды, қаталдың қаталы екенін, өз отбасымыз ғана білеміз-ау», – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қарым-қатынасқа да әзіл араластырып тоқталған.

«Найманның қызы болып, пысықтығыммен игеріп алдым, әйтпесе ойебой ғой», – деді ол.