18.04.2026, 05:30

«Жандарың ашыса 30 жылдан бері қайда қалдыңдар»: Баян Алагөзова «жыр» болған қамзол дауына нүкте қойды

Фото: коллаж Sn.kz

Біріншіден, мен олигархтың әйелі емеспін!

Белгілі продюсер Баян Алагөзова кеше ел аузынан түспеген «Қыз Жібек» фильмінде киілген тарихи қамзолға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Түркияға келгенім осы еді, әлеуметтік желіні ашпастан ватсапқа түрлі хабарламалар келіп жатыр.  Неге тарихи қамзол олигархтың әйелінде, ақшасы болған соң алған ғой, деп әңгіме қылып жатыр. Біріншіден, мен сіздерге айтайын, мен олигархтың әйелі емеспін, мен үкіметке миллиондап салық төлейтін, қарапайым кәсіпкердің әйелімін. Екіншіден ұлттық жәдігер менің қолымда және бұған дейін бұл бір адамды қызықтырмады. Яғни, мен әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін, бәрі шу ете қалды. Шынымен жандарыңыз ашыса 30 жылдан бері қайда болдыңыздар? Неге осы уақытқа дейін біреуіңізді қызықтырмады? Не істесеңіздер де, өздеріңіз біліңіздер! Менде тіпті Роза апамыз Бағланованың да тарихи костюмі бар, гардеробымда ілулі тұр, енді Роза Рымбаевадан да сатып алсам деген ойда жүрмін», деді ол.