18.04.2026, 01:30

«Жылатып тұрып, күлдірді»: Әзілкеш Жанболат Найзабековтің тойында ерекше жағдай орын алды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Балалалы үйде ұрлық жатпайды.

Танымал әзілкеш, "Өнер қырандары" театрының мүшесі  Жанболат Найзабеков пен жұбайы өзінің туған күндерін кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тойда актердің балалары әкелеріне арнап жүрек жарды тілектерін арнады. 

Толқып, көңілі босаған Жанболат Найзабеков көзіне жас алып, жылап жіберді. 

Бірақ артынша ең кішкентай балалары күлдіріп жіберді. Олар әкелерінің не үйреткенін көрсеткен. 

Бұл көрініске риза болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Балалалы үйде ұрлық жатпайды", "Әкелері сияқты ұл-қыздары да жылатып тұрып күлдіреді екен", "Өнерлері әкесінен асып кетіпті", "Аман болсын балапандар", - деп жазды оқырмандар.