Әнші қызға аз қалың сұрап, аз берсе реніш білдіретін ата-аналарды түсінбейтінін жеткізді.
Танымал әнші Жазира Байырбекова ұлы мен келінінің тойындағы жөн-жоралғыларға қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің сөзінше, құда-құдағилар арасында ақшаға, қалың малға қатысты келісім болмаған.
«Келінімізге берген қалың малдың көлемі осыншалық әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 млн берсе де жігіттің ата-анасы шешеді деп ойлаймын», – деді әнші.
Әнші қызға аз қалың сұрап, аз берсе реніш білдіретін ата-аналарды түсінбейтінін жеткізді.
«Менің құдағиым менен ештеңе сұраған жоқ. Мен де артынан қандай дүние әкеледі демеймін. Әкелмесе де ештеңе етпейді. Бастысы балаларымыз бақытты болсын», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Еске сала кетейік, әнші келінінің қалың малына 10 миллион теңге ұсынып, оған қосымша 300 мың теңге көлемінде сый-сияпат берген болатын.