Бірден ұнаттым деп айта алмаймын.
Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан көпшілікке бұрын айтпаған жеке өміріндегі естелігімен бөлісті. Өнер иесі алғашқы махаббаты жайлы сырын «Шәйдің қыздары» жобасында ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, алғашқыда ол сезімін бірден қабылдай қоймаған. Алайда уақыт өте келе жігіттің ықыласы оны өзіне тарта бастаған.
«Алғашында “жоқ, маған ұнамайды, келмесін” дегенмін. Бірден ұнаттым деп айта алмаймын. Бірақ ақырын-ақырын баурап алды. Мені қызықтыратын әшекейлер сыйлап, жүрегімді жаулап алды. “Бұл – менің алғашқы махаббатым” деген ой кейін келеді ғой. Жалпы, бірінші қадамды көбіне жігіт жасайды. Ал сен уақыт өте келе оны қабылдап, ұната бастайсың…», – деді Мөлдір Мұқан.
Өнер иесінің бұл шынайы әңгімесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.