Ақын өз жазбасында қазақ елінің мақтанышына айналған спортшыларға деген құрметін өлең жолдарымен жеткізген.
Ақын Айшолпан Тлеутай ағайынды боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайға арнап жыр жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ақын өз жазбасында қазақ елінің мақтанышына айналған спортшыларға деген құрметін өлең жолдарымен жеткізген.
«Тұла бойын намыс пен үміт керген, Оралбайдың ұлдарын күлік көргем. Сендер Алаш жұртының мақтанышы, Сан додада қасқайып тұрып берген», – деп жазды ол.
Сонымен қатар ол ел намысын қорғап жүрген жас спортшыларға ақ тілегін білдірді.
«Жастарымыз өзгені үлгі қылмай Өнеге алсын осындай жігіттерден! Аналарың үйлеріңде аман болсын Тақым қысып, дұғасын қылып келген. Бір үйдің қос жігітін азамат қып Бір елге екі чемпион туып берген!» – деп түйіндеді ақын.