$ 471.46  555.38  6.18

«Байларға бәрі болады»: Тұрсын Алагөзов подиумда биін билеп жүріп өтті (ВИДЕО)

"Баян мақтан етіп отыр". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзованың жары Тұрсын Алагөзов тағы да көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Отандық дизайнер Аида кауменова ұйымдастырған Kazakhstan fashion week жобасына қатысты. 

Модель болып подиумда жүріп өтті. Бұған қоса өзінің трендке айналған биін де биледі. 

Сән көрсету шарасына жары Баян Мақсатқызы да арнайы келген. Ол күйеуіне қолдау білдіріп, сән көрсетілімін тамашалады. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі сынап жазса, енді бірі тәнті болғандарын жазуда. 

"Қартайғанда ерсі көрінеді екен", "Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады", "Байларға бәрі бола береді екен", "Биі керемет", "Өзіне керемет жарасып тұр", "Баянның қолдағанын қарашы. Мақтан етіп отыр", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0