17.04.2026, 05:30

«Жасы келгенін мойындағысы келмейді»: Ләйлә Сұлтанқызы ренішін жеткізді

Коллаж: sn.kz

Желіде жиі айтылатын сын пікірлерді келтірген ол қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын ашық жазған.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынаған пікірлерге жауап беріп, жеке ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде жиі айтылатын сын пікірлерді келтірген ол қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын ашық жазған:

«Кәрі қутырса — жұт болады», «Қартайғанда қылық шығарды», «Жасқа жарасқан — кәріге ұят», «Жасына сай емес қылық», «Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді», «Кеш қалды енді бұған», «Шошаң-шошаң етіп не болды», «Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма», «Ақыл тоқтатар жаста ғой», «Әйел адамға ауырлау енді бұл», «Қартайғанда қыз қуғандай» (кейде әйелдерге де айтылады), «Өзін жас қыздай ұстайды», «Жасы келгенін мойындағысы келмейді».

Сондай-ақ ол бұл пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдіріп, әрекетінің ешкімнің өлшеміне бағынбайтынын атап өтті:

«Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл — менің еркіндігім. Бұл — менің жұмысым. Бұл — менің нәпақам», - деп жауап берді ол.