16.04.2026, 10:40

«Махаббатым менің»: Тұрсын Алагөзов ғашықтар күніне Баянға ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"10 Тұрсынбегің болғанша 1 Тұрсының болсын". 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов ғашықтар күніне орай ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Баян ханымға Cartier әшекейін арнайы алып келген. 

"Махаббатым менің, өмірім менің. Бүгін ғашықтар күні. Мынау саған", - деді Тұрсен Алагөзов. 

Баян Мақсатқызы қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтап, әр әйелге бақыт тіледі. 

Желі қолданушылары Тұрсен мырзаға тәнті болып, түрлі пікір қалдырды. 

"Жұрттың байы", "10 Тұрсынбегің болғанша 1 Тұрсының болсын", "Не деген махаббат", "Қандай керемет еркелету", "Кез-келген әйелдің арманы", "Махаббатарыңыз мәңгі болсын", - деп жазды оқырмандар.