16.04.2026, 05:30

«Жанықұловтар отбасынан»: Динара Сәтжан Баян мен Тұрсеннің зәулім үйіне ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Бұл — нағыз санаторий.

Танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан жақын құрбысы Баян Мақсатқызы мен кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің шаңырағына ерекше сый жасап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде бөліскен жазбасында тележүргізуші жаңа үйдің ауқымы мен жайлылығына тәнті болғанын жасырмады.

«Меніңше, бұл үйді бәрі көріп үлгерді. Бірақ бұл жай ғана үй емес, достар! Бұл — нағыз санаторий. Нағыз велнес-орталық деуге болады. Тұрсен – өте шаруақор, жан-жақты ойлайтын ер адам. Барлығын ұсақ-түйегіне дейін қарастырған. Тіпті балаларға арналған шағын хайуанаттар бағы да бар», – деп жазды ол.

Журналистің айтуынша, жаңа шаңырақ тек сән-салтанатымен ғана емес, жайлылығы мен отбасылық демалысқа арналған мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Үйдің инфрақұрылымы толықтай ойластырылған: демалыс аймақтары, балаларға арналған кеңістіктер және табиғатқа жақын атмосфера ерекше әсер қалдырған.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты қызу талқылап, жас отбасыға ақжарма тілектерін жаудырды. Көпшілік Динара Сәтжанның сыйына жоғары баға беріп, оның шынайы көңілін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, соңғы уақытта Баян Мақсатқызы мен Тұрсен Алагөзовтің зәулім үйі әлеуметтік желілерде жиі талқыланып, ел ішінде қызу пікірталас тудырып келеді.