14.04.2026, 09:40

«Екеуі шетелге кетті»: Жазира Байырбекова келінінің қолынан шәй іше алмай жүргенін айтты

Фото: видео скриншот

Соны ішуге қол тимей жүр.

Танымал әнші Жазира Байырбекова келінінің шайын ішуге уақыты болмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында келін түсіргеннен кейінгі әсерімен бөлісті. Ол оқырмандарының «келіннің шайы тәтті ме?» деген сұрағына жауап беріп, әзірге оны ішуге уақыт болмай жатқанын айтты.

Әншінің сөзінше, ұлы Қазбек пен келіні Асыл шетелде жүрсе, өздері гастрольдік сапарда болған.

«Келіннің шәйі тәтті дейсіздер ма, енелер?! Соны ішуге қол тимей жүр. Қазекем мен Асылы шет елде, біз гастрольде. Алла қаласа, ішеміз», – деп жазды ол.