14.04.2026, 03:30

«Тәрбиелі, адал жар»: Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келіні жайлы айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

“Жақсы сөз - жарым ырыс” дейміз ғой".

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі келінінің қандай болғанын қалайтынын айтты.

“Жақсы сөз - жарым ырыс” дейміз ғой. Көпшіліктің тілеуі. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі,  білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін”,- деді Света Айтбаева.

Оқырмандар өте жақсы келін келуін тілеп, әншіге тілектестік білдірді.